М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
timekid
timekid
04.01.2022 20:12 •  Қазақ тiлi

Альберт Эйнштейн кім? Қайда білім алады? Қандай пәндерді жақсы көрген? Қандай басты еңбектері бар? Қандай өнері бар?42 жасында қандай сыйлық қазақ ие болды?Күнделікті тіршіліктің қандай адам болды

👇
Ответ:
Aruna30
Aruna30
04.01.2022

Альберт Эйнштейн, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы (екіншісі квантты механика). Эйнштейн ғылым философиясына қосқан үлесімен танымал. Ол масса-энергия эквиваленнтілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Альберт Эйнштейн

Albert Einstein

Einstein 1921 portrait2.jpg

Альберт Эйнштейн 1921 жылы

Туған күні

14 наурыз 1879

Туған жері

Германия, Ульм қаласы

Қайтыс болған күні

18 сәуір 1955 (76 жас)

Қайтыс болған жері

АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон

Азаматтығы

Германия

(1879—1896, 1914—1933)

апатрид (1896—1901)

Швейцария ( 1901 бастап)

Америка Құрама Штаттары (1940—1955)

Ғылыми аясы

Теориялық физика

Жұмыс орны

Берндегі патенттік бюро/

Цюрих университеті/

Карл университеті/

Кайзер Вильгельм атындағы институты/

Лейден университеті/

Іргелі зерттеулер институты

Альма-матер

Цюрих жоғарғы техникалық мектебі

Несімен белгілі

Арнайы және жалпы салыстырмалылық теориясын жасады

Марапаттары

Nobel prize medal.svg Нобель сыйлығы

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).

Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы

Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.

Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.

1933 жылы Адольф Гитлер билік басына келгеннен сәтте, Америкада жүрген болатын. Еврей ұлтының өкілі болғандықтан, Берлин ғылымдар академиясына, профессор болып жасап жүрген жеріне, қайта оралмаған. АҚШ-та қалып, 1940 жылы сол елдің азаматтығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталар тұста АҚШ Президенті Франклин Рузвельтке фашистерде "өте жойқын бомбының жаңа түрі" пайда болу қауіптілігін айтып, сол бағытта АҚШ та сондай зерттеулер жүргізу қажеттілігін ұсынған. Бұл хат Манхэттон проектісінің пайда болуына әкелген. Антигитлерлік коалицияны қолдаса да, жаңадан ойлап табылған атомдық бөлінуді қару ретінде қолдануды қош көрмеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде 1955 жылы дүние салған.

4,7(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
HappyGamerPro
HappyGamerPro
04.01.2022

«Рухани жаңғыру тарих пен инновацияның сабақтастығы»

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын анықтап көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, ұлт сүйгіштік, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып саналады. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

Объяснение:

4,4(59 оценок)
Ответ:
Гриша2148139
Гриша2148139
04.01.2022
Кешірім сұрау керек,не болғанын түсіндіруін талап ету керек, мен мақтаншақпын , аққуды атпаймыз достықты сатпаймыз, оған уәдеде тұрмаған қалаи екенінкөрсету керек дәл өзінің әдісі боиынша мүмкін түсінер, бұнысы дұрыс еместігін аиту керек, сабырланып жанға жағымды ән тындау керек көмектеспесе жастықты басқа қойып бір айғайлау керек

Өкінішін білдіру: "Мен өкінемін". Біз әлдекімді ренжіткеніміз, өзімізге сенімсіздік туыдырғанымыз, жанына бататын әрекетке барғанымыз, көңілін қалдырғанымыз үшін өкінеміз. Ренжіген адамдардың көңілін қара бұлт басып, еңсесін көтере алмай жүреді. Ол көңілін басқан ауыр сезімді әлдекіммен бөліскісі келеді. Олар сіздің өздерін қаншалықты ренжітіп, жүрегін ауыртқаныңызды сезініп, түсінгеніңізге көз жеткізгісі келеді.
Өз ісіне жауап беруге дайын болу: "Менікі дұрыс болмады". Адамның ересектігі, толысып жетілгені өз ісіне жауап бере алуынан байқалады. Ал әлі де толыспаған а қ қиялға еріп, өз қиындықтарында өзінен өзгенің бәрін кінәлайды. Өзіне жауапкершілік алу негізінде мойындай білу қасиеті жатады. Көптеген ренжіген адамдар үшін ренжіткен адамның өз әрекетінің бұрыстығын түсінуі маңызды болып табылады.
Айыбының орнын толтыруға дайын болу: "Жағдайды түзеу үшін не істей аламын?". Өз кінәсын жуып-шаю үшін айыбының орнын толтыруды қалау - адам психикасына тән. Оның негізінде адамдағы әр нәрсенің өтеуі бар екені турасындағы түсінік жатыр. Айыбын өтеу сезімі біздегі әділідік сезімімен байланысты. Өз кезегінде аталған сезім біздің махаббатқа мұқтаждығымыздан туындайды. Егер біз әлдекімді қатты ренжітіп алсақ, оның бізді бұрынғыдай жақсы көретініне көз жеткізігіміз келіп тұрады. Бізді ренжіткен кезде көбіне жанымыз ауырып, ашуланамыз. Бұл сезімдердің астарында ренжіткен адамның бізді жақсы көргенін қалауымыз жатыр.
Шынайы өкініп, кешірім сұрау: "Алдағы күндері бұл әрекетім қайталанбас үшін бәрін жасаймын". Шынайы өкіну - жай ғана "Кешіріңіз мені! Айыбымды қалай жуып-шая аламын?" деген сөз емес. Бұл тағы да "Мен ендігәрі бұл істі қайталамаймын" деген сөз. Кей адамдар үшін тек шынайы өкініа, тәубеге келу ғана нағыз кешірім сұраудың белгісі болып табылады. Тәубе тілі өзгеруді қалайтыныңызды білдіретін сөздерден басталады. Ренжіткен адамымызға өзгергіміз келетінін хабарлау арқылы, біз оларға ішкі әлемімізде не болып жатқанын түсіндіреміз.
Кешірім сұрауға дайын болу: "Өтінемін, кешірші мені". Кешірім сұрау кей адамдарға қарым-қатынастарыңыздың жақсарғанына көз жеткізгіңіз келетінін көрсетеді. Мұндай өтініш бұрыс әрекет жасағаныңызды түсініп, ерікті не еріксіз түрде әлдекімді ренжіткеніңізді түсінгеніңізді білдіреді. Кешірім сұрау арадағы қарым-қатынасыңыздың болашағын ренжіген адамға тапсыруға дайын екеніңізді аңғартады. Ал кешіру не кешірмеу ренжіген тараптың еншісінде.
4,6(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ