Берілген мәтін стилін ажыратыңыз.
Галилео Галилей — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.[2] Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.
Әлемнің Коперник жасаған гелиоцентрлік жүйесінің маңыздылығы Кеплер ғаламшарлардың (планеталардың) эллиптикалық қозғалысының ақиқат заңдарын, ал Ньютон олардың негізінде бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқаннан кейін көрінді. Леверье мен Адамс осы жүйенің мәліметтерінің негізінде белгісіз ғаламшардың (Нептун) бар екендігін болжап, теория жүзінде оның орналасқан тұсын анықтады, ал Галле аспандағы көрсетілген нүктеге телескопты бағыттап, оны ашты. Бұл Коперник ілімінің салтанаты, оның ақиқаттығының дәлелі емес пе?
Киіз үй - халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналады. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға шыдамды. Төбесі күмбез тәрізді болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйді құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оларға кереге, уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық жатады. Сүйектері көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыңнан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер-үйші жасайды.
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені(биіктігі екі метрдей) жайып, әр бөлігін бір-бірімен жалғастырып, бекітеді. Керегенің әр бөлігін «қанат» деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Хан ордасы отыз қанатқа дейін жеткен.Керегені құрып болған соң шаңырақты көтереді. Қазақ халқы шаңырақты кие тұтады.
Объяснение: