Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.
"Заман өзгерді ме,адам өзгерді ме?" деп жатамыз.Меніңше,адам өзгерді.Себебі,бүгінгі таңда адамдар біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін жаңалықтар ашып,өнертабыстарды жасап шығаруда.Ал олар туралы жаңалықтар қас пен көздің арасында тарайтыны шүбә келтірмейді.Себебі,бізде ғаламтор дейтін "өрмекші торы" бар ғой.
Өнертабыстың адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын.Тіпті, өнертабыссыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес.Алпауыт өнертабыс саналатын, барлығымыздың көз алдымызда жүрген компьютердің өзі адам кәдесіне жарап-ақ жүр.Небір ғалымдар күн,түн демей,көз майын тауысып,адам өміріне қажетті әрі көздің жауын алатын өнертабыстарды жасау үстінде.Әрине,көп ізденіс,көп тер қажет.Біз бұл өнертабыстарды қолдану себебіміз оның ыңғайлылығында деп білемін.Олар уақыт үнемдейді,адам істей алмайтын заттарды істей алады.Алайда олардың зияны да болатынын ұмытпаған жөн.
Құлпынай жинайтын робот
2- тапсырма:
Құлпынайды жинау әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki
компаниясының инженерлері құлпынайды жинауды өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды.
Биіктігі 2 метрге жететін робот егістік қатарын аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады.
Ажыратып қоймай, арнайы себетке тездетіп теріп , уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды
үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді. Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл
құрылғының механикалық қолдары да бар. Олар жемісті үзуге арналған. Роботты жасаушылар
енді піскен құлпынайды жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.
Қажетті сөздер: егістік қатарын , тездетіп жинау, құлпынай жинауды,
піскен құлпынайды, тездетіп теріп, механикалық қолдары,