Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Абайдың өлеңдері туралы диалог құрастыру.
Аспандияр: Достым, Абай атамыздың қандай өлеңдерін білуші едің? Алдағы "Абай оқуларына" қандай өлең жаттасам екен деп шеше алмай отырмын?
Берікбол: Бірден есіме түсетін өлеңі "Ғылым таппай мақтанба". Мазмұны да өте жақсы. Қалай қарайсың?
Аспандияр: Ия, бұл өлең өзіме де ұнайды. Абай атамыздың бұл өлеңінде жастарға айтылған өсиеті де өте орынды әрі дұрыс деп ойлаймын. Бірақ сайысқа мектеп бағдарламасынан тыс шығарманы жатқа айтуым керек.
Берікбол: Онда табиғат лирикасына арналған "Қыс", "Күз", "Жазғытұры" деген өлеңдер де сай келмейді ғой... Ендеше қазір, тұра тұр. Ғаламтор беттерінен іздеп көрейік.
Аспандияр: Ия, мұның табылған ақыл екен. Көрсек, көрейік.
Берікбол: Міне, қара, Абай атамызға арналған біршама сайттар да бар екен. Бұл жерде Абай атамыздың өмірбаянымен қатар, шығармалары да баршылық. Мына өлеңі қалай, оқып көрші?
Аспандияр: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың...
Берікбол: Қалай, ұнады ма?
Аспандияр: Ия, өте жақсы екен. Осы өлеңді жатқа айтайын. Сенің көмегіңе көп рахмет, достым!
Берікбол: Оқасы жоқ! Саған сәттілік тілеймін!
Аспандияр: Рахмет!