М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
эля792
эля792
19.06.2020 03:35 •  Қазақ тiлi

Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.
Көзіңді ашып-жұмғанша... Мәселені сағаттар емес, минуттар емес, секундтар шешетін

уақыт болады.

Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне
ұшқыш болсам деген үкілі үмітті қондырғанда мұндай жағдайлар болады дегенді қаперіне әсте
алмаған да шығар-ау! Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда,
аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш
сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.
Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм
уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Қара теңіз – теңіз біткеннің
ішіндегі қанқұйлысы. Алапат теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер
еді. Шторм кезінде жал-жал толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау
болғанымен, зардабы зіл-батпан. Бірінің артынан бірі келіп ұрғанда корабльдің пәрша-пәршасын
шығаруға шамасы жетер-ді.

Тоқтар Әубәкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан
жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Әдеттегі сынақ
ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек
жұтқандық қой!

Судың жал-жал толқындарының салмағына ұшақтың салмағы келіп қосылғанда 80
мың тоннаға тең келерлік жойқын жүктен кеме шайқалғаны сондай: қауырсын секілді шырқ
айнала жөнелген ғой. Тоқтардың бойына сонда да үрей ұя салып үлгермеген. Қорқыныш,
үрейлену сезімі ұшақ қонған соң барып келсе керек. Япыр-ау, мен мұнда қалай тап болдым, бұған
қонып нем бар? – деген ой ең соңынан келгенде қыр арқасын қара тер басқан...
Гиннесстің рекордтар кітабына кірген ерлігін де осы ұшақпен жасады.

1. Мәтінде Т. Әубәкіровтың қандай ерлігі сипатталады? 1. В тексте Т. В чем героизм
Аубакирова?
А. әскер бастаған
В. манаптарды бағындырған
С. ұшақты кеме үстіне қондыру
Д. бәйгеден озып шыққан

👇
Ответ:
feo073007feo
feo073007feo
19.06.2020

Жауабы:

С. Ұшақты кеме үстіне қондыру.

4,4(34 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
МихаилД
МихаилД
19.06.2020

Аспаптар туралы мәліметтер:

1.Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады.

2.  Жетіген – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық көп ішекті шертпелі аспабы. Сонымен қатар, жетіген тектес аспаптардың жалпы Азия халықтарының арасында кеңінен таралғанын атап өткен жөн. Әр халық өзінің ән-күй өнерінің ерекшеліктеріне қарай аталған көп ішекті аспапты құрылымдық, көркемдік жағынан әрқилы етіп өзгертіп, дамытып келеді. Соның ішінде қазақ халқының осы күнге дейін дәріптеп келген жетігені әуелінде жеті ішекті аспап болып танылған. Оның шанағы бітеу ағаштан шабылса, ішектерінің астына қой асығы тиек ретінде қойылып, аспаптың құлақ бұрауы сол асықтарды қозғалту арқылы келтірілетін.Кейін келе тиектер ағаштан, ішектер мыс сымнан жасалғандығы туралы деректер кездеседі.

3. Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.

4. Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан  шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

5. Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми-бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. 

4,4(61 оценок)
Ответ:
dilinur15
dilinur15
19.06.2020

Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды

Объяснение:

4,8(49 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ