алтын — 1970 ж. басында есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
қорған қ қазақстанды 5 ғ. зб мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
алтын — алматы облысындағы есік қаласының солтүстігіндегі есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог кемел ақышев тапқан. алтын киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.
достық[1] – ң бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. мысалы, біреуінде ққ не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “досы жақсының, өзі де жақсы”, “дүниеде ң жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, қ, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Иə, алғашқы бұйрығы ا ﻗ ﺮْ أَ ْ «Оқы!»[139] деп келген Ислам діні оқуға қатты көңіл бөледі. «Құранда оқы деген мағынаны білдіретін «қирағат» сөзінен тарайтын 87, жазу мағынасына келетін үш бөлек сөзден тарайтын 336, ғылым деген мəндегі жəне сол мəннен тарайтын 780 cөздің кездесуі бізге ой салуы тиіс»[140]. Бұл Жаратушы иеміздің мұсылмандарды оқуға көңіл бөлуге шақыратындығын ұқтыруда. Бұған қоса, қалам мен сиясауытты (нун) жеке-дара атап серт беруі де осы мағынаны үстемелейді. «Екі күні бірдей өткен адам зиянда» деп, күн сайын білімге білім жамап отырудың қажеттігін ескерткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.а.с.) оқуға, ілім үйренуге шақыратын хадистері көп. «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі»[141], «Көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмырсқа, теңіздердегі балықтарға дейін (бүкіл тіршілік иелері) ілім үйренушіге игі дұға тілейді»[142], «Аллаһ ілім арқылы бірқатар ұлттардың абыройын биіктеді, жақсылықта басқаларға жолбасшы етеді, ел солардың ізіне еретін болатын»[143] деген хадистерін осылардың қатарында атап өтуге болады. Х – XII ғасырларда Ислам əлемінде ғылым-білімнің шарықтап дамуымен кітап шығару ісі өркендеп, кітапханалар саны көбейді. əл-Мəмун дəуірінде (786-833) Бағдатта «Бəйтүл-хикма» (Даналық үйі) атты алғашқы кітапхана əрі обсерваториялар салына бастады[144]. Бір Бағдат қаласының өзінде 36 кітапхана жұмыс істеген деген деректер кездеседі[145]. Ең соңғы кітапхана он мың том кітабы бар уəзір Ибнул-Алқамаға тəн болған. Бірақ бұл кітапхана да 1258 жылғы монғол-татар шапқыншылығы кезінде қиратылып, Отырар кітапханасының кебін киген[146]. Харұн Рашид дəуірінде араб тарихшысы Омар Уақидидің (736-811) жеке басында жүз жиырма түйеге жүк боларлық кітабы болған[147]. Көне мəліметтерде Александрия кітапханасында 900 000 (тоғыз жүз мың) том қолжазба сақталғандығы айтылады[148]. Иранда да халыққа арналған жалпы жəне жеке кітапханалар көп болған. Ең жақсы кітапханалары Шираз бен Мəру қалаларында еді[149]. Бұл ғасырларда жинақ шығару, кітапхана əдістемесі тұрғысынан Ислам əлемі Еуропа кітапхана жүйесінен үш-төрт ғасыр озып кеткен. Орта дəуір Еуропасы бұл кезде кітаптарды сөрелерге шынжырлармен байлап тізіп қоятындай əлі дамымаған еді. Оқырманға кітап осы шынжырымен бірге берілген. Тіпті ашық темір торға салып қойып, сыртынан парақтатып оқытқан кездері де кездескен[150]. Бұл кезде мұсылмандардың мəдениет ошағы болған Андалусияда əл-Хакам атты халифаның кітапханасында 600 000 (алты жүз мың) кітап болса, ал одан төрт ғасыр кейінгі Еуропаның өзінде «Білімпаз Чарлз» деп аталған Франция королі V Чарлздың кітапханасы небəрі 900-ақ (тоғыз жүз) еңбектен аспаған[151]. Кітапқұмарлық тұрғысынан үш-төрт мұсылман ғалымның өмірін мысал ете кеткен де орынды. Айталық, 63 жасында қайтыс болған əйгілі мұсылман ғалымы Фахраддин ар-Рази артына ғылыми маңызы зор екі жүз еңбек қалдырған. Жазған кітаптарын қаттап тізгенде, кісі бойынан асатын деседі. Тəпір саласында жазған еңбегінің өзі он екі мың бетті құраған