Переведите и определите жанр текста ежелден «өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз. ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген.