Жазғы демалыс жайлы диалог
- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?
- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.
- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?
- Маусымның бірінде жолға шығамын.
- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?
- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.
- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.
- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.
- Жақсы, көріскенше!
- Сау бол!
Судың да сұрауы бар" деген даналықты тікелей мағынада түсініп көрелікші бір сәт. Сусыз өмір жоқ екенін теорияда керемет білеміз. Ал іс жүзінде сол тіршілік көзі суға деген құрмет жоғалды десем артық айтқаным емес. Күнделікті ішетін кофе судың соры екен. Бір киолграмм кофе өнімін дайындау үшін жиырма екі мың литр су жұмсалады екен. Осыдан соң кофені ішкім келмей қалды. Бір жеңіл автокөлігін шығаруға екі жүз литрдей кетеді дейді статистикада. Одан да көп кетпесе аз кетпесі анық. Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен. Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.
Жазып дұрысы (бұл сөздер керек емес просто сөздер окей?)