Танымдық іс-әрекеттер оқыту үрдісінде қалыптасып, тұлғалардың бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде одан әрі дамиды.
Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған.
Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді нақты жағдайда түрік тілі курсын негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге қолданылатын басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады.
дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу;
арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау;
оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау;
рефераттарды дайындап талдау;
өзіндік жұмыстарды дайындау;
ғылыми бағыттағы жұмыстарға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу.
Оқытушы осы аталып өтілген факторлардың барлығын ой елегінен өткізіп, әр қайсысының тиімді пайдалану жолдарын білуі шарт. Осы оқыту формалары мен әдістерін дұрыс таңдау арқылы ғана пәнді жақсы игеруге болады, танымдық іс-әрекет пен қызығушылықты, пәнге деген құштарлықты арттыруға, студенттердің сабақтан тыс уақытта өзіндік жұмыстарын емін-еркін орындауына, әдебиеттерді тиімді пайдалануына септігін тигізеді. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде студенттердің танымдықіс-әрекетінің қалыптасуна жазу жаттығуларын орындаудың қалай әсер ететіндігін байқап көрелік.
Жазу үйрету сабағы студенттерге білім берумен қатар, олардың ой-өрісінің, ақыл-парасатының, ес, зейіннің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Объяснение:
Мәңгілік ел-біздің ұранымыз секілді естіледі.
Әрі құлаққа жағымды әрі көніліңді көтереді.
Біз мәңгілік болуымыз үшін тату болуымыз керек және бірлікті,сүйіспеншілігіміз мол болуы керек.