М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Anastasija291205
Anastasija291205
03.07.2020 17:12 •  Қазақ тiлi

Қоқыт атаның нақыл сөздері​

👇
Ответ:
aleksaprincessa
aleksaprincessa
03.07.2020

Объяснение:Қорқыт атаның  кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».

Осындай қанатты сөздерін қазақ мақал-мәтелдеріне ұқсатып мазмұнына қарай тақырыптарға бөлдім:

Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге

байланысты  нақыл сөздері:

Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ

несібесінен артығын жемес

Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас,

Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды

Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше ер байымас

Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса

Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі

Шабуын білмеген оқалы (үкілі) қылыштан шоқпар артық

Жалған сөз бұл дүниеде болмаса игі

Күн жадында жұма көрікті

Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ

Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді

Есекке қанша жүген салғанмен ат болмас

Тәкаппарды тәңір сүймес

Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді

Өтірік сөз өрге баспайды

Қорқыт атаның  ана  туралы   нақыл   сөздері:

Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман

Анасыз қыз ақылға жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас

Ниеті құрыған әйел, нысапсыз әйел, кесір әйел

Ананың көңілі балада  болар

Ақ сүтін тоя емізсе, ана көрікті

Ұлдың кімнен туғанын ана білер

Қыз анадан көрмейінше үгіт алмас      

Тәлім-тәрбиеге байланысты қанатты сөздері:

Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе

Ұл жарылқап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды.

Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ.

Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас.

Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып,

ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы.

Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген  көп артық.

Құл – төбе болмас, күйеу бала – ұл болмас.

Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.

Көңілі пасық ерде дәулет болмас

Өмір мен өлім туралы қанатты сөздері:

Өмір барда өлім бар, өзгеру бар.

Өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады.

Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.

Өлген адам тірілмес.

Мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі.

Өлген адам тірілмес, шыққан жан қайта келмес.

Әзелден жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім өлмес.

Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді.

Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді.

Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.

Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар

Туған жер, елге арналған қанатты сөздері:

Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды

Ат қиналмай жол шалмас

Қар қаншама қалың жауғанмен — жазға бармас

Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,

Арналы өзендер қартайса, су келмес

Шолақ сулар тасыса да, теңіз болмас

Опа, опа қар жауса да жазға жетпес, гүлді көгал күзге жетпес.

Ат жемеген ащы шөптің біткенінен, бітпегені игі.

4,6(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ilia113
ilia113
03.07.2020

«Бәйтерек» монументі ертедегі көшпенділердің дүниетанымын танытатын терең философиялық мағынаға ие. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр.Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.

Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.

Объяснение:

Бәйтерек – Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Орналасуы

 Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Құрылысы басталды

30 тамыз 2002

БиіктігіАнтеннаның төбесі

105 м

Шатыры

97 м

Техникалық сипаттамасыЛифтілер

2

Дизайны мен құрылымыСәулетшісі

Ақмырза Исаұлы Рүстембеков

Инженер-құрылысшы

М.Вахштейн

4,7(30 оценок)
Ответ:
Bananthic
Bananthic
03.07.2020

Жануарлар әлемі. Адам сүтқоректілер болып саналатынына қарамастан, яғни адам да жануар, адам әлемі жануардан өзгеше. Жануарлар әлемі тек инстинкттерге негізделген. Бұл жағымсыз естіледі, бірақ бұл жануарларға табиғи. Алайда жануарлар әлемі өте әдемі. Көптеген жануарлар әсемдігімен, сұлулығымен және кейбіреулері тіпті ақылымен ерекшеленеді. Барлық жануарлардың жиынтығы жануарлар әлемін құрайды. Бұл жануарлардың бәрі бізді қоршап алады. Тіпті сіздің үй мысығыңыз жануарлар әлемінің бір бөлігі. Адамдар өз әлеміне құрметпен қарау керек. Жануарлар әлемі бүкіл әлемнің, бүкіл экожүйенің ажырамас бөлігі

Объяснение:

4,4(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ