Көп адам рухани жаңғыруды мемлекеттің өзі қабылдап,өзі жүзеге асыратын қатардағы көп бағдарламаның бірі деп ойлайтын секілді. Солай ойлағандықтан да жаңғыру үшін түрлі жобалар жасап, іс-шаралар ұйымдастыруды ләзім санайтындар баршылық. Мейлі, мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындады-ақ делік. Елбасының еңбегінде айтылғандай, киелі орындардың картасы жасалып, оны кәрі-жасымыз аралапта шығармыз. Бірақ тамашалаған тарихи орындарымыз жанымызға қозғау салмаса, ол жердің киесін сезініп, іштей тазаруға ұмтылмасақ, бұл жай кезекті бір саяхат болып қалмай ма?! Әлемдегі үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы – керемет бастама! Алайда, жастарымызды кітапқұмар етіп тәрбиелей алмасақ, ертең ол жүз кітап та кітапханалардың шаң басқан сөрелерін толтыра түсуден өзгеге жарамай қалатынын ұмытпайық. Айтайын дегеніміз, әрбір адам, тіпті тұтас қоғам болып рухани кемелденуге ұмтылмасақ, бар жауапкершілікті биліктің мойнына артып қойып қарап отырсақ, бұл бағдарлама жаңғыруға бастамай, құр жаңғырық болып қала береді.
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.