М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ксюша1704
ксюша1704
08.09.2020 09:12 •  Қазақ тiлi

2 - тапсырма Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Отан отбасынан басталады» тақырыбында
диалог құрастырыңыз.
Тірек сөздер:
Менің отбасым, қала, Отан-тарих, Отан-тіл, Отан алдындағы борыш (долг).​


2 - тапсырма Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Отан отбасынан басталады» тақырыбындадиалог құраст

👇
Ответ:
danilbugaev728
danilbugaev728
08.09.2020

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.

Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн

4,4(84 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lexanyreev
lexanyreev
08.09.2020

Қазақ халқы мәдениеті бай халық. Бұған куә қазақ халқының кең даласынан шыққан ғұламалар, ақындар мен би, шешендер. Тіпті бұған куә шет ел саяхатшылары мен жазушыларының сөздері. Мысалға польшалық этнограф Адольф Янушковиячтің сөздерін келтіруге болады: «Мейрам кезінде мен алғаш үленшіні естуге  мүмкіндігім туды. Осы қазақ сал-серілері,дала жыршылары, ұлы ақындарының қазақтарға тән суырыпсалма өнері мен орындаушылық қабілеті, бұл халықтың  ақыл-ой қабілеттілігінің жоғарылығының дәлелі болып табылады. Және де мен, осының барлығын әлем жабайы деп санайтын дала халықтарынан естіп тұрмын ғой деп таңғалдым. Мен екі тайпа арасындағы дау-жанжалдардың  куәсі болдым және ешқашан Демосфен мен Цицерон жайлы естімеген ділмарларға  таңдана қошемет көрсеттім.Ал бүгін менің алдымда хат танымайтын, бірақ мені өз өнерлерімен таңдандырып отырған ақындар өнер көрсетуде, олардың  өлеңдері, әндері менің жүрегімді билеп алды. Осындай халыққа болашағы жоқ  малшы болу ғана жазылғанба? О, жоқ! Шынымен-ақ! Құдай бұндай қабілет берген халық өркениеттен тыс қалуы мүмкін емес: өркениет қашан да болсын қазақ далаларына келіп, білім шам-шырағын жағады. Уақыты келгенде бүгінгі көшпелі қазақ қазір оның төбесінен қарап отырғандармен тең дәрежеде болып, солардың қатарында отырары анық». Ия, расымен-ақ қазіргі заманда қазақ сол дәрежеге жеткендей-ақ. Бұның барлығы ұлы халықтың мәдениеті мен таланты, ақыл-ойының ұшқырлығының арқасы.  Сөзімді еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен қорытындылағым келеді. Олар қазақ   «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет.

Объяснение:

Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді.

4,7(84 оценок)
Ответ:
retrovaweforyou
retrovaweforyou
08.09.2020
                           Жастардың киімі қандай болу керек?
Менің ойымша қандай киім болса да, ол кімге арналған болса да ең бірінші жүріп-тұруға ыңғайлы болуы керек. Ол ауа райына қолайлы болуы керек. Жазда ауа өткізетін, денеге жұмсақ матадан тігілген. Қысты күндері жылы болу қажет.  Уақыттың талабына сай тігілген болғаны дұрыс. Енді жастардың киіміне тоқталатын болсақ заманауи үлгідегі, өте ашық- шашық та емес, ұзын етегі жерді сыпырып жүретін қолайсыз да емес болса. Және әркімнің өз талғамы болғаны абзал. 
4,6(11 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ