М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
St9747
St9747
31.10.2022 02:47 •  Қазақ тiлi

1-мәтін қандай стильде жазылған? 1-мәтін

Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық әлеуметтік ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19-ғасырдың ортасында пайда болды.

Құндылық — мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Адамның тұлға болып қалыптасуында шешуші рөл атқаратын сала – рухани құндылық болып табылады.

Адамзат өз дамуының белгілі бір кезеңдерінде «құндылықтар әлемін» түзей бастады және оған үлкен құрметпен карап, өзінің дүниетанымын, іс-әрекетін саралай түсті. Тәрбиеленді, шығармашылықпен айналысты, жетіле түсті. Рухани құндылықтар мәдениеттің сақталуына, өрбуіне себепкер болды. Материалдық байлықты жасау күнделікті тіршілікке іргетас бола алады. Ал халықтың, өркениеттің болашағы және оның өміршеңдігі рухани құндылықтарды қадірлеумен, оларды дамытумен байланысты екендігін түсіне бастады.

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.

2-мәтін

Әдетте, «құндылық» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар?

Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтарына жатады. Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.Аналар үшін баласы – үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, көңіліне қаяу түсіреді. Айтқан адамға өмір бойы ренжіп, өзін қоярға жер таппайды. Ал енді сол реніш пен ашу біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз.

Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз. Солай, достар...

Ғылыми

Көркем әдебиет

Ресми іс қағаздар

Публицистикалық

👇
Ответ:
марьяша18
марьяша18
31.10.2022

көркем әдебет

Объяснение:

4,8(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ElviraNice
ElviraNice
31.10.2022

Мектеп кітапханасы

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,

кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.

4,7(49 оценок)
Ответ:
travisbeats
travisbeats
31.10.2022

Көктем келді.

Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып,  табиғат ана да қысқы ұзақ ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Қысқы ұйқыға кеткен жануарлар оянып, індерінен шығады. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!  

Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім. Көктемде сонымен қатар қазақ халқы үшін басты мейрамдардың бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланады.

4,5(56 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ