М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
filanovich1984
filanovich1984
01.04.2022 14:52 •  Қазақ тiлi

I.Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үштілділік - заман талабы Елбасы үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайынғы Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді. Елбасы:«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кіру тілі»-дейді.«Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін» керек, көп тіл білетін адам көп нәрсеге қол жеткізеді.. «Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ол бақытқа жетеді» деп ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқан.Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда əлемдегі оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде шығарылады.Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Ағылшын тілін білу жастарға əлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарында білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл кез келген елде кəсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың маңызды құралы болып табылады. 1)Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. А) Көп тіл білу-өмір талабы В) Ағылшын тілін білу С) Орыс тілі ресми тіл Д)қазақ тілі-мемлекеттік тіл I.Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үштілділік - заман талабы Елбасы үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайынғы Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді. Елбасы:«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кіру тілі»-дейді.«Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін» керек, көп тіл білетін адам көп нәрсеге қол жеткізеді.. «Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ол бақытқа жетеді» деп ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқан.Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда əлемдегі оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде шығарылады.Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Ағылшын тілін білу жастарға əлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарында білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл кез келген елде кəсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың маңызды құралы болып табылады. 1)Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. А) Көп тіл білу-өмір талабы В) Ағылшын тілін білу С) Орыс тілі ресми тіл Д)қазақ тілі-мемлекеттік тіл

👇
Ответ:
Anastasiia11111111
Anastasiia11111111
01.04.2022

1. Көп тіл білу өмір талабы

4,8(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dilnoza55
dilnoza55
01.04.2022

Біржан сал Қожағұлұлы – Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында 1825 жылы дүниеге келіп, 1897 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Қожағұл бүркеуі деген жерден топырақ бұйырған.

Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс-қазақ мектебін оқып бітірген. Сонсоң, осындағы медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер төңірегіне аттары мәлім, өнерпаз адамдар болған.

Біржан сал қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі композитор. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақ ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік ахуалы, салт-дәстүрі, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, әсіресе, адам сезімінің алуан толқыныстары оның әндері арқылы сұлу сазбен, асқақ рухпен бедерленіп отырады. «Ақтентек», «Біржан сал», «Айбозым», «Алтын балдақ», «Айтпай», «Көкек», «Жоныпалды» сияқты әндері қазақ ән өнеріне шырай беретін, шоқтығы биік асыл туындылар.

Біржан салдың сан-сала өнерпаздық қырының бірі – оның айтыскерлігі. Біржанның айтыс ақыны ретіндегі тегеурінді дарыны ақын Сарамен айтысында жарқырай көрінеді. «Біржан-Сара» айтысы қазақ сөз өнеріндегі қанатты шабыттың, эстетикалық биік өренің жарқын үлгісі болып табылады.

4,8(11 оценок)
Ответ:
nikolay946
nikolay946
01.04.2022

ответ:Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.  

Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.  

Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Объяснение:

4,7(43 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ