Ұлы Жібек жолы туралы.
Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды. Ол әсіресе музыка, би өнерінде ерекше байқалады. Ұлы Жібек жолының ең ұзақ бөлігі Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы өтті.
Сол кезде сауда – саттық жақсы дамып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Адамдар, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық – түлік және басқа да заттармен алмасты.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.
Ұлы Жібек жолы - дүниежүзілік өркениет тарихының басты жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырған трансконтинентальды трасса болды.
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.