ответ: Қазақ есебінде адам өмірінің әр он үш жылында бір мүшел айналып келіп отырады. Мұнда бір нәрсені қанық білуіміз керек. Мүшелінің алғашқысы немесе бірінші мүшел 13 жылда қайырылса, қалған мүшелдер 12 жылдан қайрылып отырады.
33 минуты назад Мақал - мәтелдерМақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Киіз туралы диалог -Әже киіз үй деген не? -Балам бұл -тарихымыздағы ең алғашқы құрылыс үй.Көшіп қонуға арналған жәдігер. -Оның салмағы қандай? -Киіз үй шамамен жиһаздармен қосқанда 400 келіге жуық болады -Киіз үй неден құралады? -Киіз үйдің негізгі бөлшектері ол кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық -Әже шаңырақ дегеніміз деген не? -Ол киіз үйдің ең жоғарғы бөлімі Осы киіз үй 4,6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады -Әже сізден көп мәлімет алдым, РахметКиіз үй» тақырыбына диалог
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Мен Қазақстан Республикасында туып өстім,сондықтан біздің мемлекеттік тіліміз -ол қазақ тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады 1989 жыл, 22 қыркүйек күні республикалық референдумда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
«Павлодарлық суретшілер» туралы әңгімелеңіз
Павлодардық көркем сурет музейінде көптеген суретшілердің көрмелері бар,соның ішінде танымал павлодарлық суретшілер Бота Машрапов, Виктор Поликарпов, Әнуар Игембаев, Ғалым Қаржасов және тағы басқа қылқалам шеберлері құрған. Жақында павлодарлық суретші -кескіндемеші Ануар Игембамбаевтың мерейтойлық көрмесі Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтті. Ануар Игембаев 1954 жылы 14 мамырда Павлодар облысы Ермак ауданы (қазіргі Ақсу) Грязновка ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Алматы қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін тәмамдады. Ұстаздары: А.Аканаев, М.Хитахунов, Б.Пак. Кескіндемеші.1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі (1992 жылдан – Қазақстан Суретшілер Одағы мүшесі). 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Көркемөнер Академиясының академигі және Суретшілер ассоциациясының мүшесі. 2008 жылдан ҚР Көркемөнер Академиясы экологиялық орта күзеті жөніндегі комитетінің мәдени мұра сарапшысы ретінде қызмет етеді. Ануар Игембаев - нәзік сезімтал портрет жанрының шебері, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар кескіндемеші.
ответ: Қазақ есебінде адам өмірінің әр он үш жылында бір мүшел айналып келіп отырады. Мұнда бір нәрсені қанық білуіміз керек. Мүшелінің алғашқысы немесе бірінші мүшел 13 жылда қайырылса, қалған мүшелдер 12 жылдан қайрылып отырады.
Объяснение: