Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,
Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Адам бойындағы қасиеттер жақсы болу керек.Мысалы:адалдық, әділдік, қайырымдылық және т.б.Осы қасиеттер адам бойында болу керек деп санаймын.Ал жаман адамның бойында:мақтаншақтық, еріншектік болады. Сол себепті бізде осы қасиеттер болмауы керек.
Бізде жақсы қасиеттер болса, бізді басқа адамдар, достарымыз бізді жақсы көретін болады.Ал бізде жаман қасиеттер болса, бізді ешкім жақсы көрмейді.Сондықтан бізде жақсы қасиет болу керек.
Менің ойымша әр адамда жақсы қасиеттер болу керек. Әрине, барлығында барлық жақсы қасиет болмасада адамда біреу болсын жақсы қасиет болу керек деп ойлаймын.
Объяснение: