Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Мысалы: «Түбі терең сөз артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жау алады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң-қылжың ит Мінез».[