М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
muckanvicktoria
muckanvicktoria
03.05.2023 06:32 •  Қазақ тiлi

А.Байтұрсынұлы ұлт жанашыры эссе

👇
Ответ:
polozyurayuras
polozyurayuras
03.05.2023

Патша үкіметіндегі чиновниктермен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып, жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық-зомбылықтары жас Ахметтің жүрегіне жара боп түсті. Осы жара ұлғая келе, оны күрес жолына дайындағанын біз ақынның өз өлеңдерінен білеміз.

Түрмеде жатып анасына жазған хатында келтірген осы бір жолдар жас жүрекке түскен жараның үлкен азаматтық, адамдық дертке ұласуын әдемі бейнелейді. Азамат ұл сол дерттің халық басына түспеуін, одан азат болуды армандайды. Алайда, Ахмет көрген ел әлі ұйқыдан оянып болмаған, ынтымағы жоқ, алауыз, сөз тыңдауға салғырт, берекесіздікке ұйыған қауым еді. Сондықтан ол өлеңін «Маса» етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға пайдаланды. Атақты «Маса» жинағы осылай туды.

Ахметтің ақындықты өнері, «Маса» мен «Қырық мысал» кітаптары осы күнге дейін тиянақты зерттелген емес. Ол жайлы мақалалар, көбінесе, автордың тарихи еңбегін көрсетуге, жеке шығармашылығын шолуға арналады. Сондықтан біз бүгін Ахметтің аудармаларын қоспай, оның төл өлең-туындыларын негізінен «Маса» жинағына байланысты сөз етуді мақсат тұтамыз. Бұл өлең бізге болашаққа жол ашуға шырақ болып жанып тұрады емес пе?! «Масаға» кірген өлеңдер жоғарыда сөз болғандай авторды толғандырған, сол дәуірдің өзекті мәселелерін сөз етеді. Ақын сол кездегі қазақ қоғамының даму жағдайларына, жерлестерінің күн көріс, тіршілігіне сын көзбен қарайды. «Тар көрдің қуысына тығылып отырған», «пайдасы өз басынан арылмайтын, тұрмысында мол құрлы мағына жоқ» туыстарын сынға алады.

Ақынның ойшылдық, суреткерлік бейнесі оның «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған- терген» сияқты өлеңдерінде айрықша танылады.

Осы жолдардағы бейнелікке көңіл аударып қарайықшы!Сахара ның көлге қонып салқындап, еркін ұшқан қазы өртке душар болып, тәнінде шарпылмаған жер қалмаған!Отаршылдықтың өрті ғой бұл!Осыған қарсы тұрар кім бар, өрт сөндіре алар қазақта күш бар ма? Ақынды осы ойландырады.

Қандай ұлы адамды алсаңыз да, оның ұлылығы, ең алдымен, туған халқына деген көзқарасынан танылады. Ол сол ортадан шығып, халқын ілгері бастауды армандайды, бірақ оны соңынан ерте алмай, күйінеді, оған ашу-ызасын арнайды, айналып кете алмай, орала береді.

Күрес жолында кездескен қиындық тар, жазықсыз қамау түрме жағдайындағы өмір мен оның мәні, күрестің мазмұны мен мақсаты жөнінде ойландырмай қоймайды. Бір мезгіл ол жазықсыз жанды ұстатқан қара ниетті адамдарды еске алады. Бірақ олардың ісін кек тұтпайды, надандықтан көреді.

Заманның әділетсіздігі, содан туатын көңіл- күй әсерлері Ахметтің «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» сияқты өлеңдерінде мейлінше шыншылдықпен, ойлы толғаммен суреттелген. Өмірдің қайшылықты құбылыстарының философиялық ол жанды құбылыстар арқылы түсіндіреді.

Өмір өзгермелі, айнымалы. Бақ дегенде байлау жоқ. Пәле- аңдушыға, жала қабаған төбетке айналған. Айнала жемтік аңдыған сауысқан, қарға, қарақұс. Жұрттың бәрі осы заманда түп- тамырымен өзгерген.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған шығармаларында редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадырларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.

Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы- ағартушылық идеясы болды.

Оқу- ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл форманы мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған .ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық сипаты».

Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын , содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді.

4,5(34 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
amalia454565
amalia454565
03.05.2023

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.

Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,

Аң мен құсын арыстандай көремін.

Туған өлкем ол менің жер жәннатым,

Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды аялайық та, сүйе білейік.

4,8(17 оценок)
Ответ:
sanay06

4,4(67 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ