Менің сүйікті фильмім "Шерлок Холмс". Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, сондықтан да осы фильмді сүйіп көремін. Маған фильмдегі басты кейіпкерлердің бірден көзге түспес заттардан, болған оқиғаны анық-қанығын айқындап алатыны ұнайды. Шерлок мырзаның жолдасы, Ватсонның қажет кезінде досының жанында табылып, әрдайым көмек көрсетеді. Тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Фильмде сол заманның адамдары мен тұрмыс жағдайы жақсы көрсетілген. Шерлок ол жерде тек қана тыңшы емес,әр түрлі жаңалық ашушы және тәжірибе жүргізуші ретінде көрсетілген. Фильмдегі уақиғалар бір-бірмен тығыз ұяласқандықтан, бұл фильімді та кірпік қақпай көруге болады.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл Мен Қазақстанда тұрамын. Ұлтым орыс. Мен өзімнің ана тілімді ардақтаймын. Мемлекеттік тіл- қазақ тілін өз ана тілімнен артық білемін. Мен қазақ сыныбында оқимын. Әрбір Отанын сүйген азамат мемлекеттік тілге құрметпен қарап, жақсы меңгеру керек. Жалпы, мемлекеттік рәміздердің бәрін де құрметтей білейік. Кейбір қазақ балаларына таң қаламын, өз тілдерінде сөйлеуге намыстанып тұратын. Олар намыстанып, ана тілін үйренуге көңіл бөлер деген мақсатта, оларға қазақ тілінде мақалдап, әзілдеп сөйлеймін. Бірақ, одан олар нәтиже шығарама жоқ па, білмеймін. Қанша тіл білсек те артық болмайды, ал мемлекеттік тілді толық меңгеру парызымыз.