1. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды - жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет.
2. Әдетте зат белгісін киім –кешектін ішкі жағынан табуға болады. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады.
3. Үтіктеуде шартты белгілерді білу қажет деп ойлаймын, себебі мата әр түрлі болады, соған байланысты тым ыстық температурамен үтіктелетін киімдер немесе жай ғана жылы үтікпен үтіктелетін киімдер болады. Міне, осындай жұқа киімдерді құртып алмау үшін үтіктеудің шартты белгілерін білген дұрыс.
Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.