ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы».
деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны
сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да
елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат
болу. «Ауыл түбі –бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді
болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады.
Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала
адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
Мәтінінің мазмұны бойынша 2 «шын» ақпаратты белгілеңіз (найди 2 правильных информации по содержанию текста)
Верных ответов: 2
Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш
болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады.
Таңнан кешке дейін көліктің дауысы
қалуақты шаршатпайды
«Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытады баласы
Төрт түлік малдың пайдасы
Қазақ халқы түйе, жылқы, қой және сиыр малдарын төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған.
Қазақ халқы төрт түлік малдың ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде, азық ретінде де аса қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы.
Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады; шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды. Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Түйенің етінің дәмі де ерекше. Сонымен, түйе малының пайдасы осы.
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. “Ат ердің қанаты”, “Мінсең көлік, жесең ет” деп жылқы малын аса жоғары бағалаған.
Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.
Сиыр малының да пайдасы зор. Еті мен сүтінен бөлек, сонымен қатар сиырдың мүйізінен тарақ та жасап, оны аса жоғары бағалаған.