Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық...
Объяснение:
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол - өте әдемі құс. Оны киелі құс деп айтады. Аққуды атуға болмайды.
Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар - біздің досымыз!