Ыбырай Алтынсариннің жазушылық қызметі ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ халқының өмірінде болған тарихи-əлеуметтік үлкен өзгерістермен сабақтас, солармен тікелей байланысты. Ол өзінің əдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтеруге батыл бет бұрды.
Ұлы педагог-ғалым қазақтың жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары ту
ралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазды. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілді. Орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген еңбектерді қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Сөйтіп, ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
А. заттың санвн білдіретін сөздерді сан есім дейміз