Эпитет (грек. епітһетон – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады.
Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.
Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді.
Объяснение:
Сондықтан бұл барлық сөз эпитет
Кластер: 1)әдемі ғимарат,2)сәулеттік кешен,3)ел дамуының көрнекі белгісі,4)құрылысы 2001 жылы басталған,5)тұсаукесері 2004 жылы 24желтоқсан күні өткен,6)ауданы 36720м²,7)биіктігі 86м,8)шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны.
Объяснение:
Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік және келісім сарайы» – «Қазақ Елі» монументі бой көрсетеді. Сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі Ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.
Ақорда – ел дамуының жаңа философиясының көрнекі бейнесі. Резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты. Еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан. Авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі – резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы. Метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық – Еуразия өнерінің синтезін көрсетеді. Сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. Резиденцияда көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары Қазақстан өзін әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете отырып, мақтаныш тұтатын Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қажетті балансын құрайды.Резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.
.