Салт — дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт — дәстүрмен, өнегелі әдет — ғұрыппен, ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, батырлық, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт — дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт — дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн — жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.
Әрбір қазақ ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет, әдептен аттап өтпейді. Және оны берік ұстайды, жас ұрпаққа үйретеді. Ұлан-ғайыр даланың заңдылығын сақтай отырып, мәдениет пен ізгі қасиетке толы ата дәстүрімізді көздің қарашағындай сақтап келген. Қазақ халқы бастарына қандай да қиындық тумасын ата дәстүрімізді сақтаған, әлі де сақтап келеді.
Қазақ елі — қуанышын көпшілік жамағатпен бөлісе білетін, бір – бірін қолдаған қасиетті халық.
Сондықтан қазақ халқы кішкентай қуанышына шашу шашып, жиған-тергенін тойға беретін пейілі кең, дархан халықпыз. Шашуды кез келген қуаныш тойларда шашады.
Лев Николаевич Толстой
Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор
Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо
Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк
Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы
Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки
Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын
Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари
Еңбек туралы:
Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай