Менің отбасым Наурыз мейрамын өте жақсы көреді.Біз бұл мерекені қуана атап өтеміз.Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі.Ол 21-23 наурызда тойланады.
Бұл күні біз бүкіл отбасымызбен сәнді киініп, туыстарымыз бен жақындарымызға қонаққа барамыз.Үйде біз үлкен дастархан жайамыз.Әрбір мерекелік үстелде дәстүрлі наурыз-көже тағамының болуы Наурыз мейрамында міндетті болып саналады. Қазақтар Наурыз мерекесінде осы тағаммен тамақтану керек деп санайды, содан кейін жыл мол болады.Мен бұл мерекені өте жақсы көремін.
Объяснение:
Моя семья очень любит праздник Наурыз.Мы с удовольствием отмечаем этот праздник.Наурыз – праздник весеннего обновления.Его празднуют 21-23 марта.
В этот день мы всей семьей одеваемся нарядно, ходим в гости к родным и близким.Дома тоже накрываем большой дастархан.Непременным в Наурыз считается наличие на каждом праздничном столе традиционного блюда наурыз-коже. Казахи считают, что в праздник Наурыз нужно досыта наесться этим блюдом, и тогда год пройдет в достатке.Я очень люблю этот праздник.
Объяснение:
1) Жолда жүру ережесіне байланысты өмірде болатын оқиғалар желісі. Кейіпкерлері: Әжей, бала (есімерін ойластырыңыз).
бір күні бір Алмас деген ұл бала болыпты және Майра деген бір әже болыпты.Бір күні Майра әженің үйінде азық-түлік бітіп қалыпты.Майра Әже дүкенге барып азық-түлік сатып алмақшы болыпты Майра Әже далаға шығып жолдан өтпекші болған кезде.Бір бала келе жатыр екен Әже-әже деп сүйтіп бала Әженің жанына келгенде .Әжесі сұрады балам атын кім неге Әже деп айқайладын деп сұрады.Сол кезде бала Сәлеметсіз бе Менің атым Алмас Әже деп айқайлаған себебім сіз бағдаршамды көріп тұрсыз ба бағдармашда қазір қызыл түс жанып тұр яғни қызыл жанғанда машиналар жүреді ал жасыл жанса адамдар жүреді деген сөз.Алмас Әжейді солай үйіне дейін жеткізіп тастады
Объяснение:
ХЫ ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
ХЫ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен ХЫ ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. ХЫ ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай ХЫ ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болады. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Қорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. ХЫ ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударған. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болған.