Мәтінді оқып, мазмұнын жаз. Владаг яа Демалыс күні Акжол саяжайға барды. Бактагы алмалар нарттай қызыл болып пісіпті. Акжол анасына алма жинап көмектесті. Нарттай алмаларды бұтадан абайлап үзіп, себетке салды. Кенет катты жел соқты. Піскен алмалар жерге түсе бастады. Акжол алма ағашынын астында тұрған кірпіні көрді. Ағаштан түскен алмалардың біреуі кірпінің инесіне кадалып калды. Кірпі жорғалап жөніне келті. Акжол бұл көрініске қызыға әрі тандана карады.
Крест жорықтарының салдары. Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті.
Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыған мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтарынан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауық-ауық ыстық моншаға түсіп, ішкиімдерін, төсек-орындарын ауыстырып түруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үшіншіден, еуропалықтар Шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.