Сделай план Жоспар құр . Су – қалыпты жағдайларда сутегі мен оттегінің тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс . Ол қатты , сұйық және газ сияқты күйде болатын бірден - бір минерал . Су — түссіз , иіссіз , дәмсіз сұйықтық . Су – қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді . Жер бетінің 77,5 % -ын су алып жатыр . Су қорына мұхит , теңіз , көл , жерасты сулары жатады . Су атмосферада бұлт , тұман , бу , жаңбыр түрінде болады . Су буға айналады . Будан бұлт пайда болады . Ол жаңбыр , қар , бұршақ болып жерге жауады . Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі . Адам , өсімдік пен жануарлар денесінің бір бөлігі судан тұрады . Сусыз тіршілік жоқ . Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды . Жер бетіндегі биологиялық өнімде 43 % -ын , оттегінің 50 % -ын мұхит теңіздер береді . Жер бетінде ішетін су аз . Ол күн сайын азайып барады . Сондықтан суға қамқорлықпен қарау керек . Ол біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады . • Мәтіннен сан есімдерді тауып , сан есімнің қай түрі екенін айт . сар 98 -Горизоrtесhін , 5 - тақырып надо сдавать
Шұбат дайындау үшін суытылған түйе сүтін сүзіп, 30—35°С-қа дейін салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20—30 мин араластырып, 3—4 сағат ашытады. Бұл кезде құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп тұнбаға түседі. Тұнбадағы казеинді майдалау үшін шұбатты араластырып отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбаты бар кеспекке құйып жақсылап піседі, ал ашыту процесі 20—25°С температурада 10—20 сағатқа созылады. Ашыған шұбатты ыдыстарға құйып, 10— 12 сағат бойы салқындатып сауда орындарына таратады. Бір тәулік бойы ашыған шұбат — әлсіз, екі тәулік ашыған шұбат — орташа, ал үш тәулік бойы ашыған шұбат — күшті деп аталады. Ашытқы әсерінен түйе сүтіндегі сүт қанты ыдырайды, сүт қышқылының, спирттің, көмір қышқылының жаңа қосылыстары түзіледі, витаминдердің мөлшері молаяды.Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.
Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi.