Орындау уақыты 15- 1 - тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз . Нақты ақпараттарды анықтаңыз , төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз . Аттар тұңғыш рет еліміздің солтүстік Қазақстан « Ботай » қонысында қолға үйретілген . Бұрынғы заманда ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді . Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды . Ат үстінде жүргенде көшпенділер биік ер – тұрман мен үзіңгіні ойлап тапты . Бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің алғашқы нұсқасы екені белгілі . Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді . Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш . Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды . Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған . Көшпенділер өте дана , ержүрек , батыл халық болған . ( 111 сөз . )
-сіздің қай жеріңіз ауырады?
-басым,тамағым ауырады,жүрегім айнып тұр,
-шешініңіз,мен сізді тыңдайын,дем алыңыз,енді тіліңізді көрсетіңіз,сіздің аты-жөні кім?
-иванов сергей николаевич,
-неше жастасыз?
-он төрттемін,
-рентгенге түстіңіз бе?
-иә
-міне,мен сізге керекті дәріні жаздым,күніне үш рет қабылдауыңыз керек,
-тамағымды немен шайғаным жөн?
-шаятын дәріні де жаздым,бір апта дәрілерді ішіп,қаралуға тағы да келерсіз,
-рақмет
-енді рецепт бойынша дәріханадан дәрілерді алып,емделіңіз,сау болыңыз,
-сау болыңыз