Су тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су жер шарының 3/4 бөлігін алады. Сусыз тіршілік жоқ екені мәлім. Судың бізге берер пайдасы өте көп. Судың да сұрауы бар дегендей, әр заттың сұрауын білген дұрыс. Көп адамдар судың қадірін білмейді. Су лас болсын, таза болсын, суды босқа ысырап етуге болмайды. Біздің ысырап етіп жатқан суымызға жете алмай отырған елдер де бар. Сондықтан суды босқа ысырап етпей өз жөнімен істеткен жөн.
Шешендік сөздер-ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да, нұсқа, мағынасы терең. шешендік сөздер-қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді дидактикалық жанр. Шешендік сөздер мазмұнына қарай 3-ке бөлінеді. 1. Шешендік арнау 2. Шешендік толғау 3. Шешендік дау Шешендік арнау-қоғам мен заман ағымына байланысты өлеңдер. Шешендік толғау-қоғамды суреттейтін өлеңдер. Шешендік дау- жер дауы, жесір дауы, мал дауы, құл дауы. Шешендік сөздер композициялық құрылымы жағынан; 1.Термелі сөз-өлеңмен жазылады. 2.Пернелі сөз-қара өлеңмен жазылады.
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз. Немесе:құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.