М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fourkovioxk812
fourkovioxk812
15.06.2020 21:43 •  Қазақ тiлi

Ребятя это сооор

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы мәтінді ықшамдап, жинақы мәтін жазыңыз.
ЭКСПО-2017 көрмесі қалай өтті?
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, «ЭКСПО, ЭКСПО» деп жүргенімізде ЭКСПО да өтті. Иә, ол қалай өтті? Халықаралық маңызы ерекше көрмені өткізу барысында қандай дайындық қамы жасалды? Не істеді? Не істелінді? Біз осы сауалдарға жауап іздейміз.
ЭКСПО көрмесін өткізу барысында барлығы 647 мәдени шара ұйымдастыруды жоспарланған болатын. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған. ЭКСПО-ға дайындық штабының жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: құрылыс нысандарын уақытында аяқтап, пайдалануға беру, көлік және инженерлік инфрақұрылым, шетелден келген қонақтарды қарсы алу, қаланы мерекелік безендіру, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру; қоғамдық көліктің қозғалыс бағытының сызбасын даярлау; қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрме өз жұмысын бастағалы бері Астанаға 2,1 миллион адам келген. Оның 1,4 миллионы – шетелден келген туристер. Темір жол бекеттерінің қызметіне сұраныс – 60 пайызға, әуежай қызметіне – 70 пайызға, туристік операторлардың жұмысына сұраныс 78 пайызға артты. Қала қонақтары үшін ақпарат беретін алты дүңгіршек іске қосылып, үш тілде қызмет көрсетіп жатты. Сондай-ақ, туристер үшін Welcometoastana интернет-порталы ашылды. Үш айдың ішінде оның тұрақты қолданушыларының саны 20 мыңды құраса, барлығы 95 мың адам кіріп көрген екен.
Астана қаласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ситуациялық орталық ашылған еді. Оның көмегімен көшелерге бейнебақылау камераларын орнату арқылы қылмыс деңгейін төмендетуге жол ашылды дейді аталмыш орталық қызметкерлері.
Осынша ауқымды шара аясында азық-түлікпен қамтамыз ету мәселесінің де туындауы ықтимал еді. Алдын ала болжам бойынша, көрмеге келетін қонақтардың есебінен азық-түлікке деген сұраныс 20-30 пайызға артып, қалаға күн сайын 1500 тонна азық-түлік әкеліне бастады. Жаңадан базарлар желісі құрылды. Баға тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін «Кенмарт», «Астықжан» сауда үйлеріне 300 миллион теңге көлемінде қарыз берілді. Сөйтіп аталған сауда үйлері 49 азық-түлікке өз бағаларын қойған. Ол жыл соңына дейін сақталды. Бұл шаралар азық-түлікке деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға өсуіне қарамастан, бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты ұзындығы 23,4 шақырым 11 көше салынып, 17,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрме аймағын жылумен және электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырымдық жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желісі, үш электрмен қамтамасыз ету жүйесі, «Жаңа жол» қосалқы электр станциясы салынды. Одан бөлек, қала қонақтарының саны артуына байланысты жаңадан жеті Shuttle Bus автобусы қосылды. Ол ЭКСПО көрмесі мен қала сыртындағы ауылдардың арасында қатынап, жолаушыларды тасымалдап жүрді. Қаланың 142 қоғамдық көлігі күн сайын 55 мың жолаушыны тасымалдаған. Қала тұрғындары осы қоғамдық көліктер мен олардың қозғалыс бағытын
көрме аяқталған соң да, қала тұрғындары үшін қызмет көрсетуін жалғастыра беруін сұрап, диспетчерлік орталыққа өтініштерін білдірген соң, ол мәселе де шешілді.
Мыңдаған меймандарға көрсетілетін медициналық көмектің де сапасының жоғары болуы – басты мәселенің бірі болды. Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін жедел штаб құрылды. Көрме аймағында жеті медициналық бөлім мен медициналық орталық жұмыс істеді. Қала бойынша жеті қалалық медициналық мекеме мен жеті республикалық клиника қызмет көрсетті. Жедел жәрдем қызметінің жаңа Орталық станциясы ашылды.
Ауқымды шараның сәтті өтуі – ұйымдастырудағы ұсақ-түйек детальдардан басталатыны белгілі. Соның ішінде еріктілер еңбегінің жұмысы айрықша. Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, қаладан 510 ерікті жиналды. Олар күн сайын әуежайдан, бекеттерден туристерді күтіп алу мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру сынды жұмыстарға белсене араласты. Көрме аяқталған соң, еріктілердің белсенділері арнайы қала әкімшілігі тарапынан марапатталды.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
King575
King575
15.06.2020

Объяснение:

В настоящее время здесь работают театры, парки, специальные детские площадки, телепрограммы для студентов. Но среди них особое место занимает около десятка детских сайтов, которые порадуют детей. Теперь у нас есть сайт детского электронного журнала «Балбулак» www balbulag kz, телеканала «Балапан» www. сайт balapan.kaztrk.kz, сайт www.bilimpaz.kz, www. Существуют и другие сайты, такие как balalar.ucoz.com, www.balalaralemi kz maite, а также для детей и родителей www. Есть сайт erkеtаi.kz. С этих сайтов я получаю необходимую информацию для развития проекта, выполняю лабораторные работы. Новость на этих сайтах - интересная книга, много мужских фамилий. О любимых культемирах очень много материальной и интеллектуальной передачи. Больше всего мне нравится электронная библиотека. Среди его работ «Новые книги», «Казахские книги», «Сборник стихов» и другие. имеет лучшие заголовки. Я найду нужную книгу и закажу. Для меня это роль инноваций в образовании.

4,5(47 оценок)
Ответ:
alidniva111
alidniva111
15.06.2020

Қазақтар - көшпелі халық, бүгінде отырықшы өмір салтына көшкен, бірақ мыңжылдықтар бойы қалыптасқан дәстүрлерін мұқият сақтап қалған. Шексіз далада үнемі саяхаттау, шағын топтарда өмір сүру, діни наным -сенімдердің ерекшеліктері - осының бәрі бүгінде Қазақстанның дәстүрлері деп аталатын салт -жоралар мен әдет -ғұрыптардың бірегей кешенін құрды. Кейбір дәстүрлер өмір сүрудің практикалық дағдыларын дамытуға көмектесті, басқалары қасиетті мағынаға ие болды, кейбіреулер қарым -қатынас пен әлеуметтенуді дамыту үшін жасалды, ал кейбіреулері жаңаның қалыптасуына негіз болды.

Объяснение:

4,8(15 оценок)
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ