Менің сүйікті спортым.
Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.
Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.
Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған.
Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті +60° +70°С - қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5 – 10 күн, шөлейт зонасында – 40, Қызылқұмда – 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызаққа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т. б. арнайы агротехника лық шаралар қолданылады.
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі – шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20 – 38 күн шаңды дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55 – 60 күн болады. Қазақстанның оңтүстік - шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды, өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі.
Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. Үсік көктемнің аяқ кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық ауа массасының енуіне байланысты болатын құбылыс. Ауаның температурасы қысқа мерзімде 0оС - тан төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек жұмсалады. Үсіктің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктері. Мұнда көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы (қарақұмық, жүгері, бидай, қияр, алмұрт т. б. үшін) он жылдың ішінде 5 жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа жеміс тұқымдары үшін) 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар.
Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі – көктайғақ (көк мұз). Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0°С - қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп - жұқа (5 мм) мұзбен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, а зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады. Көктайғақ республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады. Солтүстік аудандарда көктайғақ сирек байқалатын құбылыс. Республиканың батыс жазықтарында, орталығында және оңтүстік - шығысында көктайғақтың қалыңдығы 15 мм - ге жетеді. Қаратау жотасы, Қырғыз, Іле Алатауларының жел жақ беткейлерінде оның қалыңдығы 22 мм - ге дейін барады