М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
everlast112
everlast112
02.11.2022 13:16 •  Қазақ тiлi

Мәтініндегі ақпараттың жалған немесе ақиқат екенін анықта. Эссе – бұл адамның субъективті пікірі, көзқарасы мен ойы еркін түрде жазылатын әдеби жанрдың бір түрі. Эссе құрылымы кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден тұрады.

Кіріспе – берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім.

Негізгі бөлім – негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған және дәлел мен дәйекті талдап, салыстырып, суреттеп, сипаттап т.б көрсететін бөлім. Қорытынды – тақырып бойынша тұжырымдалған түйін.

Қандай да бір нәрсені сипаттап не суреттеп жазуда ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда өз сезімін, ұстанымын, көзқарасын, пікірін анық көрсетіп, себептерін дәлелдеп жазу керек.

Эссе жазуда қолданылатын стандартты тіркестер мен синтаксистік құрылымдар болады. Мысалы, сонымен, менің ойымша, қорыта келе, дәлел ретінде, менің пікірім бойынша, т.с.с. Эссенің әр бөлігіне қатысты клишелер болады. Олар өз қызметіне сай қолданылады. Мысалы, кіріспеде тезистік сөйлем жазылатындықтан, ол жерде көбіне «келісемін/ келіспеймін, дәлелдеймін» сияқты сөздер қолданылса, негізгі бөлімнің қызметі ойды дәлелдеу болғандықтан, соған қатысты «бұған дәлел болатын, пікіріне сүйенсек, менің ойымша, алдымен, меніңше, т.с.с» клишелер қолданылады. Сипаттау, суреттеу эссесінің ерекшелігі өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда дәлелді мысал келтіру және белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттау, етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады. Эссенің сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер), көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер, сенсорлық елестетуді сипаттау үшін салыстыруды қолдану болып табылады. Сипаттау эссесінде табиғат көріністерін, адам портреті бейнесін, т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданып, заттарды салыстырмалы түрде сипаттау қажет.

Эссенің кіріспе бөлімінде негізгі бөлімде айтылған ой тұжырымдалады.

Артқа

Тексеру

Сайтта қате таптыңыз ба?

​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
fonato
fonato
02.11.2022

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Ал әкесінің інісі – Ерғазы кішкентай Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға берген.

Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады.

1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ беріп, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүрді.

Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/spravka/20191124/12110067/Alash-Akhmet-Baytursynuly.html

Объяснение:

4,4(26 оценок)
Ответ:
уютка
уютка
02.11.2022

Саяси жолы

Ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясы авторларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды. Осы құзырхатқа 14500 адам қол қойған.

Онда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару, баспахана ашуға рұқсат беру, қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.

Сол кезеңнен бастап Байтұрсынұлы жандармдық бақылауға алынды. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалып, екі жылдан кейін Орынборға жер аударылады. Семей түрмесіне де жабылды.

Жалпы, 1915 жылға дейін әлеуметтік ахуалды баяндаған цензура көтермейтін мақалалар жариялағаны үшін Ахмет Байтұрсыновқа бірнеше рет айыппұл салынды. Абақтыға үш рет қамалды.

Байтұрсынұлы өмірінің Орынбордағы кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды.

Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары – Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық "Қазақ" газетін шығарып тұрды. Алдымен Абай туралы көлемді мақала жариялады.

Тағы оқыңыз: Ғалым Әл-Фарабидің ұлты "қазақ" дейтіндерге жауап берді

Ахмет Байтұрсынұлы "Қазақ" газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады:

"Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін "Қазақ" деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесе қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы".

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/spravka/20191124/12110067/Alash-Akhmet-Baytursynuly.html

Объяснение:

4,6(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ