Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.
Мен өз мектебімді жақсы көремін. Біздің мектеп 4 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта бастауыш сынып оқушылары оқиды. Екінші қабатта үлкен спорт залы орналасқан. Оның ішінде дене шынықтыру сабағы мен түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Ал, мерекелік іс-шаралар мәжіліс залында атап өтіледі. Сабақтар өткізілетін бөлмелер жарық және кең. Физика мен химия кабинеттерінде тәжірибе жасайтын зертханалар бар. Информатика кабинетіндегі компьютерлердің барлығы заманауи құрылғылар. Менің сынып жетекшім өте мейірімді және білімді мұғалім. Ол кісінің арқасында, біздің сыныбымыз ең үлгілі сынып болып саналады. Демалыс күндері кинотеатрға, көрмелерге және музейлерге жиі барып тұрамыз. Ең жақын достарымды осы жерден таптым. Сондықтан, жазғы демалыс кезінде мектепке қайта оралуға асығамын. Бұл біздің екінші үйіміз. Сол себепті, осы оқу орнының тәртібін құрметтеп, мұғалімдердің айтқаның орындауымыз керек. Мына мекеменің қабырғаларында білім алып, ересек өмірге дайындалып жатқаңымызды ұмытпағаңымыз жөн. Мектеп – оқушыларға қанат беріп, ұшуды үйрететін жер. Бізге тек дұрыс бағытты таңдау ғана қалды.