М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dyusembekov1
dyusembekov1
27.08.2022 10:06 •  Қазақ тiлi

39. Ұлы адамдардың өмірінен 1. Мәтінді оқып, тақырып қойыңдар. Себебін түсіндіріңдер. Негізгі ойды табыңдар.
Өркештене созылған тау беткейіндегі шағын ауылдың бір топ баласы
Жасыбай көліне келді.
Шыжыта шақшиған күннің ыстығына шы тез-тез шешіне
салды да, суға қойып-қойып кетті.
Суды шалпылдата шуласып жүрген балалар бір кезде қуаласпақ ойнамақ
болып, екі бөлінгенде, Әлкей жоқ болып шықты.
Балалар абыржып қалды.
– Ол қайда кетті екен?!
— Жаңа ғана келе жатыр еді ғой...
– Өзі суға түсіп пе еді? Көлге батып кетпесін!
Осы кезде бір бала:
— Айтпақшы, ол тағы да әнeугүнгідей тастарды тамашалап жүрген шығар, -
деді жолдастарына қарап,
- Иә, иә, дұрыс, ол тек сонда, басқа ешқайда кетпейді.
Бұдан көңілі жайланған олар қайта жапырлап суға түсе бастады.
Күн еңкейген кезде әзер қайтқан ұландар анадайдан жол жиегіндегі бір аң
мүсінді биік тастың іргесіне еңкейіп, бірдеме істеп жүрген Әлкейді көрді.
Балалар жанына келгенде, ол тершіген маңдайын сипап қойып, тізесінде
жатқан дәптерге үңіліп отыр еді.
- Ой, сен әлі мұнда отыр ма едің, біз сені мана үйге қайтқан болар десек, –
деді бір бала оған.
Қане, тағы не жазып алдың, көрсетші? - деді екіншісі қағазға қолын
созып.
Әлкей оған қағаздарын ұсынды. Балалар жапырласа төнді.
— Мынау – ана тастағы сурет қой.
– Ал мынау – сондағы жазу емес пе?
- Өзі бәрін айнытпай салыпты, деді дабырласып олар.
Әлкей ақырын орнынан тұрды да, тұсындағы тасқа қарап:
- Шіркін, бұлардың сырын білсе ғой... – деді армандап...
Содан бері көп жыл өтті. Туған өлкедегі таулардың әрбір қызық бітімді
құпия тасына таңдана қарап, тамсанатын кешегі жас бала атақты тарихшы
ғалым, белгілі әдебиетші Әлкей Марғұлан ағаларың болатын.
(Ермек Өтетілеуов көмектесіндерш​


39. Ұлы адамдардың өмірінен 1. Мәтінді оқып, тақырып қойыңдар. Себебін түсіндіріңдер. Негізгі ойды т

👇
Открыть все ответы
Ответ:
dzavad1
dzavad1
27.08.2022

Мәтінді тыңда. Негізгі 3 ақпаратты тап.

1) гүл – өмір сәні, табиғат көркі. Менің анам әдемі, нәзік гүлдерді жақсы көреді.

Жазда анам гүлзарға раушангүлдерді отырғызды. Раушангүлдер маусым айынан

бастап үздіксіз гүлдейді.

Раушангүл – әлемдегі ең әдемі гүлдердің бірі. Бұл хош иісті гүл далада өседі. Оны

мереке мен құрметті жиында сыйлайды.

Дұрыс жауап саны: 3

Мен раушангүлдің суретін салдым.

Жазда анам гүлзарға раушангүлдерін

отырғызды.

A

Раушангүлі – әлемдегі ең әдемі

гүлдердің бірі.

Мен анама раушангүлдерін

сыйладым.

Менің досым анасына раушангүлдерін

сыйлады.

Раушангүлдер маусым айынан бастап

үздіксіз гүлдейді.

Раушангүлі мерекелерде беріледі

4,7(33 оценок)
Ответ:
345153
345153
27.08.2022

Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат қаласы. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады.

Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады.

4,5(33 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ