Жазылым Кестедегі мәліметтерден сөйлемдер құрап жазыңдар.
Романс тектес әндер
«Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни», т.б.
Сатиралық-коморлық әндер
«Он алты қыз», «Ағашаяқ», «Құлбай бай», т.б.
Қара өлеңге құрылған әндер «Сәулем-ай», «Еркем-ай», «Қамажай», «Жетіарал жерім-ай»,
Кыз-келіншектер әндері «Майра», «Дудар-ай», «Әупілдек», т.б.
Желдірме әндер
Термелер, арнау, насихат әндер, т.б.
Эпостық мазмұндағы әндер «Жігіттің падишасы - Әмір Темір», «Қос мүйізді Ескендір»
Авторлық арнау әндер Молдабайдың әні, Ғазиздің әні, «Бүркітбай», «Шашуба
«Теміртас», т.б.
«,
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді.
Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі.