Бауырсақ дайындау.
Бауырсақ – қазақ халқының ұннан дайындалатын ұлттық тағамының бірі. Бауырсақсыз кез – келген мерекелік отырысты, той – думанды елестету мүмкін емес. Әрбір отбасының өзіндік бауырсақ дайындау ерекшеліктері болады. Мысалы, анам әдетте бауырсаққа сүт қосып жасайды, сонымен қатар айран тұрып қалса, қамырға айранды қосып та істей береді. Ал әжем болса, бауырсақты тоң майға қуырады.
Сонымен, анамның бауырсақ істеу тәсілімен бөлісейін.
Қажетті заттар:
Бір кесе жылы су
Жарты кесе сүт
Ашытқы (көз мөлшерімен) бір шай қасықтай
Бір жұмыртқа
Екі ас қасық сұйық май
Қант екі ас қасық
Тұз қалауыңызша
Ұн керегінше
Дайындалуы:
Анам алдымен ұннан басқа құрғақ заттарды араластырып алады. Одан кейін жылы су мен сүтті, сұйық майды араластырып, жұмыртқа қосады. Үстінен араласқан құрғақ заттарды қосып, жақсылап араластырады. Одан кейін керегінше ұн қосып, қамыр басады. Дайын болған соң терең ыдыстың түбіне май жағып, қамырды салып, бетін жабады да, жылы жерге бір – екі сағатқа қояды. Қамыр көтерілгеннен кейін, екі бөлікке бөліп, әрқайсысын қатты жұқа қылмай илеп, ромб тәріздес кеседі. Май қызғанша кесілген бауырсақтарды орамалдың астына қояды. Май қызғаннан кейін бауырсақтарды екі жағынан қуырады.
1-Д)Таза энергия.
2-В)Қауіп төндіреді
3-А)Адамдар ауруларға шалдығады.
4.40-қырық-қырқыншы.
50-елу-елуінші.
20-жиырма-жиырмасыншы.
1-бір-бірінші.
5.Эссе.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің,өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Еріншек,бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат,рахым,ойлап қой-,деп Абай атамыз айтқандай адам болам десең жамандықтан қашық жүр,жақсылыққа ұмтыл.Адам болу-тек адам болып туылу емес, адам болып әрекет ету.Өзін сыйламаған адам өзгеніде сыйламайды,сондықтан өзіңді сыйлай білу керек.Жақсы ойла,жақсы көзқараста бол..Адам болам десең қарапайым,кішіпейіл бол.Абай атамыз айтқандай бес нәрсеге асық болып,бес нәрседен қашық болып,бәріміз адам әрі аман болайық.