Саят (саятшылық), жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер.
Археологиялық қазба жұмыстары Ежелгі Тұранды мекендеген тайпалар құс салуды тіпті қола дәуірі кезінде-ақ меңгергендігін көрсетеді. Тарих пен мәдениет тұрғысынан қарағанда саятшылықтың дамуы өте қызғылықты. Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, сапсаң тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен. Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген.
Жазғы демалыс жақындап келе жатыр. Мен жазғы демалыста қай жерге баратынымды ойланып жүрмін. Басқа елдерге барайын десем ол жақта ұрылар, баскесерлер көп. Сондықтан өзімнің елімде саяхаттағанды жөн көрдім. Мен Шымкент қаласына баруды шештім. Өйткені Шымкент қаласының ауасы таза. Саяхаттауға әдемі жерлері көп. Мен Шымкент қаласында уақытымды көп өткіздім. Көптеген жерлерге саяхаттадым. Саяхаттаған кезде міндетті түрде сақ болуымыз қажет. Менің демалысым өте жақсы өтті. Мен қатты қуаныштымын.
Объяснение:
Удачи!
Кордова хилафаты – Пиреней түбегінде 929 – 1031 жылдар аралығында салтанат құрған мұсылман мемлекеті. Пиреней түбегін арабтар мен берберлер жаулап алғаннан кейін Кордоба әмірлігі (756 – 929 жылдары) құрылып, астанасы Кордоба қаласы болған. Абдуррахман II 929 ж. өзін халифа деп жариялағандықтан әмірлік Кордова хилафатына айналды. Кордова хилафаты 10 ғасырдың аяғы мен 11 ғасырдың басында аса қуатты мемлекет болды. Кордова хилафаты билеушілері жікшілдік пиғылдағы араб-бербер тайпа көсемдерін талқандап, түбектегі христиан мемлекеттерімен жүргізілген соғыстарда үлкен жеңістерге жетті. Нәтижесінде Кордова хилафаты саяси-экономикалық жағынан айтарлықтай нығайып, сауда мен мәдениеттің өркендеуіне кең жол ашылды. Бірақ билеушілер арасында үздіксіз болып тұратын тақ таластары ел ішінде өзара соғыстар туғызды. Соғыстар кезінде бай қалалар қирап, егіншілікпен айналысқан аймақтар қаңырап бос қалды. 1031 ж. Кордова хилафаты бірнеше ұсақ әмірліктерге бөлініп кетті.