М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
malenkayakreyz
malenkayakreyz
26.04.2020 11:34 •  Қазақ тiлi

"Мағжан туралы бірер сөз" тақырыбында эссе нужен ​

👇
Ответ:

Күллі алаш жұртының даңқты перзенті, күрескер тұлғалы кемеңгер ақыны – Мағжан Жұмабаев (Әбілмағжан Бекенұлы). «Ақынның ақыны» атанған ойшыл қаламгер болашақ жайлы жиі ой қозғайтын. Бар болғаны қырық бес жыл ғұмыр кешкен (1893 жыл 25 маусым – 1938 жыл 19 наурыз) данышпан ақын барлық тақырыптарда өлеңдер мен ой- толғаулар жазған аса көрнекті дауылпаз азамат екені даусыз.

«Тар заман, тайғақ кешуде» ғұмыр кешкен ұлы бабамыз барлық арман- тілегін келешекке артып, болашақ жастардан ғана үміт күткен секілді.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін»- деген өлең жолдарынан үлкен ғұламалықты байқаймыз. Біздің ойымызша, өлмес өлең жазып, күндер, жылдар өтсе де құндылығын жоймайтын жырларды ескерткіш етіп қалдыру нағыз ақынның бақыты болса керек.

«Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер,

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!».

Ақ ниетті, пәк тілекті жалындаған жастар қауымы ұлтымыздың кемел келешегінің иесі екендігін әрдайым есте ұстау керектігін ескертеді. Мағжан келешек жастардың мейірім мен қайырымға бөленген тамаша мінезін, ананың ақ сүтінен нәр алған кір шалмаған таза жүрегін, жеке мүдде мен жалқы пенделіктен аулақ қасиетті тілегін армандайтынын аңғартып өтеді.

«Алаш- айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!».

Көріп отырғанымыздай, М. Жұмабаев келешек ұрпақты тар өрістіліктен аулақ болып, қазақ халқының, алаш жұртының айшықты азаматы болуға бағдар көрсетеді. Алланың хақ жолынынан адаспай қасиетті құранды қорған етіп имани жолдан адаспауға үндейді. Керек десеңіз, ұлттың ұлы мұраты жолында басын бәйгеге тігіп құрбан болудан да қаймықпауға шақырады.

4,4(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
woonov1488
woonov1488
26.04.2020

«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз. 

Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. 

«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ. 

Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз. 

Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым. 

Барында анаңызды қуантыңыз! Күлдіртіңіз! Оларға бәріне лайық! 

Объяснение:

4,8(38 оценок)
Ответ:
цыувкаерн
цыувкаерн
26.04.2020
Қазақстан республика белгiленетiн кейбiр мемлекеттiк мерекелер кеңес одағының болуын уақыттан қалды. 9 майдың Жеңiс күнi және тағы басқалар, бұл мұндай 1-2 қаңтардың Жаңа жыл барлық белгiлi даталар, 8 наурыздың -Халықаралық әйел күнi.
Конституция қабылдануы -30 тамыздың Қазақстанында тойлайды. Қазақстан Президента Нұрсұлтан Назарбаевасы мойындау бойынша, Қазақстан Конституция бұл бостандықтың негiзi. Осылай, Конституция Қазақстанда халыққа өзi бас бердi - таңдаудың құқығы.
Әдетiншенi республика барлық облыстар мен қалаларларындағы Конституция күнiне көркем өнерпаздықтың ұсталарының жаппай мерекелiк сейiлдер және концерттерiн өтедi. Бұл мереке бiрақ өте салтанатты Северндерге атап өтедi - Астанаға - және оңтүстiк - Алма - атаға - мемлекет басқалалары.

Перевод:

Некоторые государственные праздники, отмечаемые в Республике Казахстан, остались со времени существования Советского Союза. Это такие всем известные даты, как Новый год 1-2 января, Международный женский день 8 марта, День Победы 9 мая и т.д.
Принятие Конституции празднуется в Казахстане 30 августа. По признанию президента Казахстана Нурсултана Назарбаева, Конституция Казахстана есть основание свободы. Так, Конституция дала народу в Казахстане самое главное — право выбора.
В День Конституции во всех областях и городах Республики по традиции проходят массовые праздничные гулянья и концерты мастеров художественной самодеятельности. Но наиболее пышно этот праздник отмечается в северной — Астане — и южной — Алма-Ате — столицах государства.
4,5(89 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ