Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Мамандар кешкі мезгілде немесе түнде жеген тамақтың денсаулыққа айтарлықтай зиян екенін айтады. Бұл созылмалы ауруларды асқындырып, семіздікке шалдықтырады, сондай-ақ, рак ауруын қоздырады.Бұл жұмыста немесе үйден жырақта жүргенде тамақ ішуге мүмкіндік болмаумен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, біреулер үйге жұмыстан кеш келіп, кешкі мезгілде немесе түнге жуық қана тамақ ішуі мүмкін. Бұл психикалық дені сау, психологиялық проблемалары жоқ адам", — дейді ол.
Стародубованың айтуынша, адамдар таңертең тойып таңғы ас ішпейді немесе таңғы ас ішіп, түскі астың орнына калориясын ескермей түрлі тамақ жей береді. Ал жұмыстан кейін олар майлы әрі порциясы үлкен тамақ ішеді. Осылайша, олар бір күнде көп тамақ жейді.
Тамақтану уақыттарының бір-бірлерінен алшақтығы қауіпті ауруларға шалдықтырып қоймай, асқазан жарасы, гастрит және ішек ауруларын асқындырып жіберуі мүмкін. Бұдан өзге кешкі уақытта көп тамақ жеу метаболизмнің бұзылуына әкеліп, қант диабетіне шалдықтырады және липидтер мен көмірсулардың өзара дұрыс алмасуына кедергі жасайды. Сондай-ақ, кешке немесе түнде майлы тамақ жеген соң адамның ұйқысы бұзылып, асқазаны қыжылдап, іші ауырады.
"Әрине, дәрігерлер дәл бұлай тамақтануға кеңес бермейді. Себебі, ол денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мүмкіндігінше күнделікті кемінде үш рет тамақтанған жөн немесе 5-6 рет кіші порциялармен тамақтанып жатса нұр үстіне нұр болар еді", — дейді диетолог.