Қыз өссе, елдің көркі.Бұл сөз өте кереме.Қараңызшы,"қыз" деген үш әріптен құралған сөз әлемнің барлық әдемілігі мен жайлылығын,табиғаты мен әсемділігін жиып тұр.Ана да қасиетті адам ана да қыз боп туылған,әже де қайырымды жан,ол да қыз боп өмірге келген.Әлемде қыздар көп не себепті деп ойлайсыз?Менің ойымша қыздардың көп болғаны жақсы,қыз баласы биязылығымен,инабаттылығымен,қылықтығымен өзіне баурап алатын әсем де аяулы жан.Біздің әпкеміз,сіңіліміз,анамыз,әжеміз де ардақты да аяулы жан.Қыз дегеніміз гүл ғой. Гүлді аялап ұстамасақ, солып қалады. Сол секілді қызды да аялап сыйламасақ,гүл секілді солып көңілі түседі. Сол үшін "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақал қалыптасқан.
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.