Ақпарат (лат. інформатіо — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.[1]
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен.
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды қайталап жатудың қажеті шамалы. “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың, біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.