Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.
Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.. Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді.
Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды.
Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.. Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.
Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. ”Отан үшін отқа түс, күймейсің” деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отан үшін еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі.
Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызық- сыз әлем деп санаймын.
М.Монтень.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».А ң тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» – денсаулық , «логос» – ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді.
Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Міне, жоғарыда айтылған қағидаларды жан- жақты дамытып , іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр.
ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым !
Жер саулығынан – адам саулығына.
Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік.
Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады. Фастфудтың иелері жылына бірнеше миллиард доллар табыс табады. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы, жылдам және арзан болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар – ол денсаулыққа зиянды. Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері: Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп. Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады. Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды. Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін. Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді. Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі. Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі. Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен. АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұған кінәлі әрине – фастфуд өнімдері. Біздің елде мұндай қайғылы көрініс әлі орын алмаған. Бірақ болашақта осы проблемаға тап болуымыз мүмкін. Денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз, үй тағамдарын жеуге тырысыңыз.