Бірде үй өртенді. Өртсадірушілер әлгі үйге келіп жеткенде алдарынан бір әйел жүгіріп шықты. Ол жылап
тұрып, үйде екі жасар кызын алып қойғанын айтты.
Өртсөндірушілер Бобты жүмсады. Воб баспалдақ арқылы
жүгіріп барып, түтіннің арасына еніп кетті. Бес минуттан
соң ол көйлегінен тістеп, кызды көтеріп үйден шықты.
Ана қызының тірі екенін көргенде қуанғанынан көз жасын
төгіп, құшақтай алды.
Лев Толстойдан
Өрт негізінен электр желісі мен газ дұрыс
пайдаланбаудан болады. Ол жағатын үйлерде пеш акаулы
болса, ол да өрттің шығуына себепші болады. Қолына
сіріңке ұстап ойнаған балалардың абайсыздығынан өрт жиі
шығады.
• Кайсысы ғылыми-танымдық мәтін, қайсысы көркем мәтін? Өз
ойынды дәлелде.
• Өрт қауіпсіздігі ережелерін білесің бе?
• өzің өрт қауіпсіздігі туралы ереже құрастырып көр.
1, ...
2. ...
3. ...
Қар барысы: Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.
Қоқиқаз (лат. Phoenicopterus) - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы (лат. Phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. Phoenicopteridae) жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.