Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраныңмойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.[1]
Бақылаушы
Б-д/сыз, ұяң.
а-д/ты, жуан, ашық, езулік.
қ-д/сыз, қатаң.
ы-д/ты, жуан, қысаң, езулік.
л-д/сыз, үнді
а-д/ты, жуан, ашық, езулік.
у-д/ты, жуан, қысаң, еріндік, үнді.
ш-д/сыз, қатаң.
ы-д/ты, жуан, қысаң, езулік.
Сәулетші
с-д/сыз, қатаң.
ә-д/ты, жіңішке, ашық, езулік
у-д/ты, жуан, қысаң, еріндік, үнді.
л-д/сыз, үнді
е-д/ты, жіңішке, ашық, езулік.
ш-д/сыз, қатаң.
і-д/ты, жіңішке қысаң, езулік
суретші
с-д/сыз, қатаң.
у-д/ты, жуан, қысаң, еріндік, үнді.
р-д/сыз, үнді
е-д/ты, жіңішке, ашық, езулік.
т-д/сыз, қатаң.
ш-д/сыз, қатаң.
і-д/ты, жіңішке қысаң, езулік