М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DdMirko
DdMirko
31.07.2022 04:38 •  Қазақ тiлi

Бұл жылғы мамыр айы ерекше мол жауынды-шашынды өтуде. Осы ретте оқырмандарымызға тіліміздегі жаңбыр атауына және оған қатысты ұғымдардың мағынасын ашып көрсетуді жөн санадық.

Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары. Метеорология ғылымының түсіндіруі бойынша, ауаның температурасы жылы кезде бұлттағы ұсақ су тамшылары үнемі қозғалыста болады; олар бір-бірімен қосылады да көлемі біртіндеп үлкейе түседі; осылай пайда болған су тамшылары ауырлай түсіп, ауадан өзін ұстап тұра алмай, жерге жауын болып түседі. Жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де жауады. Бірақ әр мезгілдегі жаңбырдың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, көктемде жауған ұзақ әрі найзағайлы жаңбыр қыс бойы маужырап қалған табиғатты оятып, қоршаған ортаның жасыл түске енуіне септігін тигізсе; жаздағы жауын тез жауып, аптаған ыстықты басады, ауаны тазартып, жанға жайлы салқындықты сездіреді. Ал күзгі суық жауын-шашын ұзақ жауып, табиғатты қысқа дайындайды. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында қыста да жаңбыр жауады. Күзгі жауын-шашыннан көп ерекшеленбейтін бұл кездегі жаңбырдың арты көбінесе қарға ұласып жатады. Жаңбыр сөзіне жауын, нөсер, жауын-шашын сөздері синонимдік қатар құрайды (Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі). Алайда жаңбыр атауы және оған қатысты ұғымдар туралы сөз болғанда, негізінен жаңбыр мен жауын лексемалары бірінің орнына бірі қолданыла береді. Мәселен, ақ жаңбыр ≈ ақ жауын, соқыр жаңбыр ≈ соқыр жауын, т.б.; жаңбыр жауды ≈ жауын жау­ды, жаңбырдың қарқыны ≈ жауынның қарқыны және т.б. Сонымен қатар қазақ тілінде «жауын-шашынға киетін жеңіл күртешені» мағынасындағы жаңбырлық сөзі халық арасында белсенді қолданылмайды. Бұл сөзді Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасынан кездестіруге болады: Әнеки, жаңбырлық киген, қалпақты қазақ жігіттері де келді (Ж.Аймауытов, Шығармалары). Жаңбырлық сөзін орыс тіліндегі «дож­девая куртка», «дождевая одежда» сөздерінің қазақша баламасы ретінде, яғни киім-кешек термині ретінде қолданылуы қажет. Мәселен, туыстас түрік тілінде «жаңбырлы күні киетін жеңіл күртешені» білдіретін «yağmurluk» (yağmur – жаңбыр, -luk – -лық, -лік жұрнағы) атауы белсенді қолданылады. Жаңбырлық сөзінің екінші мағынасы «жылқының сауырындағы ойыстау тұсы, суағары» ретінде түсіндіріледі. Мысалы, Жаңбырлығы сорайған бүкір торы (Б.Аманшин).

Нөсер

Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр. Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбілеп жауатын түрі. Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын. Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы. Қара жаңбыр – бұлт қап-қара болып торлап келіп, толассыз ұзақ жауатын күзгі қалың жаңбыр. Қар аралас жаңбыр – алдымен жаңбыр болып жауып, күн суыта келе, арты қарға айналған жаңбыр. Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын. Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі. Нөсер – 1. Қатты жауатын, өткінші жаңбыр; 2. Күшті, бірақ қысқа мерзімдік, конвективтік сипаттағы, не қоңыржай ендіктегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр. Көк нөсер – көктемде, жазда қатты жауатын өткінші жаңбыр. Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр. Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр. Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр. Сіркіреме жаңбыр – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.

Себездеу, сілбілеу...

Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі. Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу. Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы. Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу. Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы. Нөсерлеу – қатты жауу, шелектеп құю. Төгіп өту – жаңбырдың қатты ­жауып өтуі. Жаңбыр құю – қатты жаңбыр жауып кету, шелектеп төгу. Жаңбыр көрмеу – көп уақыт бойы жаңбыр жаумай, құрғақшылық болу.
Ақпаратты оқимыз. Одан екі негізгі ақпарат, екі қосымша ақпаратты тауып жазамыз.
Мәтін бойынша сұрау есімдіктерін қатыстырып, 5сұрақ құрастырамыз.

👇
Ответ:
aibarealmadrid
aibarealmadrid
31.07.2022

негізгі ақпарат:Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында қыста да жаңбыр жауады

Жаңбыр – бұлттан бөлініп, жерге түсетін атмосфералық су тамшылары.

Қосымша ақпарат:Метеорология ғылымының түсіндіруі бойынша, ауаның температурасы жылы кезде бұлттағы ұсақ су тамшылары үнемі қозғалыста болады.

Сұрақ:

1) "Әнеки, жаңбырлық киген, қалпақты қазақ жігіттері де келді" бұл сөздерді кімнің шығармасынан кездестіруге болады?

2)Былғары бүрку дегеніміз не?

3)еліміздің қай аймақтарында қыста да жаңбыр жауады?

4)Нөсер дегеніміз не?

5)Жаңбырлық сөзінің екінші мағынасы қандай?

4,5(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
їка
їка
31.07.2022
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
4,6(42 оценок)
Ответ:
Twister04
Twister04
31.07.2022
Мен Казахстанда,Петропавл каласында турамын. Петропавл улкен ари таза кала. Петропавл копултты кала. Булар - орыстар, казахтар,татарлар, армяндар, украиндер, шешендер жане т.б. Каланын кошелери узын ари таза. Дукендер, ойын-сауык орталыктары бар. Жазда айнала гулдер мен агаштарга толады, бактар оте коп. Калала 2 кинотеатр, 3 стадион, 2 театр, 3 китапхана бар. Биздин каланын мектептери ашык ари улкен. Балабакшалар да бар. Жана спорт сарайы салынды. Осында биздин хоккей командасы ойнайды. Мен оз каламды жаксы коремин.
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.
4,6(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ