открыть другой сайт
Объяснение:
это школьные вопросы тип
Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.
ответ:1) ХХ ғасырдың басында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғым рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндік туды және ол мүмкіндікті туғызғандар Алаштың ардақты азаматтары еді. -Бұл сөйлем шылау арқылы жасалған салалас құрмалас сөйлем.
2) Біз жаңа мыңжылдықтың табалдырығында бұған дейінгі жүздеген ұрпақтың қолы жетпегенге қол жеткіздік: тәуелсіз мемлекет құра алдық. - Бұл сөйлем үтір( қос нүкте тұр үтірдің орнында) , интонация арқылы жасалған салалас құрмалас сөйлем
3) Біз Алатаудың бауырындағы тамаша қаланы сақтай отырып, сонымен бірге Сарыарқаның төсінде жаңа астананы салу сияқты өзіміздің алдымызға өте үлкен міндет қойдық. - Бұл сөйлем баяндауыштың тиянақсыз формасы арқылы жасалған сабақтас құрмалас сөйлем.
Объяснение: Дұрыс екеніне сенімдімін мұғаліммен тексерілген. Пайдалы болды деп ойлаймын.
проверь, не стоит ли у тебя родительских контроль