М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
роллы6
роллы6
29.05.2023 13:25 •  Қазақ тiлi

2. Мәтін бойынша кластер толтыру
дополнить кластер)
(по тексту​


2. Мәтін бойынша кластер толтырудополнить кластер)(по тексту​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
АлиOчкА
АлиOчкА
29.05.2023

Қиял қанатында.

Суретші тек көргенін ғана емес,ойында қиялдап жүрген бейнелердіде салатын жан.Суретші шығармашылықтың адамы болғандықтан оның ойы ұшқыр,жәй адам оның суреттерін ұға бермеуіде мүмкін.Суретші болу оңай емес,оның туа бітті таланты болу керек.Одан әрі сурет салуда білімі болу керек.Суретшінің жәй қиялы емес бала қиялы қандай болмақ?Мен суретші болсам,қиялымдағы мұқитта жүзген желкенді кемені салар ем.Қиялмен жүйіткіген кеме,биік ақшыл желкені желбіреп,көк теңіздің бетінде ұшып бара жатқандай әсер қалдыратындай әдемі болғанын қалар ем.Желкенді ақ кеме менің қиялымдағы ақ арманым.Адам арманы біткенбе әсіресе бала арманы?Қиял қанатына мініп қаншама бала армандады және сол армандарына жетті.Ақ кемеге мініп алыс армандарға қол жеткізу дегеніміз-оқу бітіріп,ұядан ұшып,армандаған жоғарғы оқу орнына түсіп жігіт болып жетілу.Еліңе,халқыңа қызмет ету.Суретшінің бала қиялы оның шығармашылық бейнесін сомдай түседі.Қиялындағы суретті салу үшін қағаз-қаламын алып,суреттің нобайын салады.Әрі қарай өзі іздеген бейнелері бояумен нақышталып салына бермек.Ол пейзаж болама әлде этюд болама қиялдың жеткен жерінде көреміз.Суретшіге қиялың талмасын,-деп шығармашылық табыс тілеп қоялық.Дерексіз зат есім-қиял,арман,әсер.Деректі зат есім-суретші,сурет,кеме..

4,6(82 оценок)
Ответ:
assassin83arsoz7sda
assassin83arsoz7sda
29.05.2023

болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?

Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.

Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.

 

4,8(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ