М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
КамиллаОк
КамиллаОк
24.12.2020 04:55 •  Қазақ тiлi

ПАРАСАТТЫЛЫҚ «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы
ақыл, жылы жүрек»
(А. Құнанбайұлы)
«Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдына
игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ
рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін
ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында»
(Әл – Фараби)
«Өмірде ең бастысы адамдық парасаттылық, білім,
жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық»
Қ. Тоқаев)​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
кккк50овд
кккк50овд
24.12.2020

Тіл туралы диалог (мақал - мәтелдерді қатыстырып).

- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?

- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.

- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?

- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін.

- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?

- Ия. Дәл солай.

- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?

- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!

- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.

- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген мақалдары - менің ұстанымым.

- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!

4,4(64 оценок)
Ответ:
nano1030
nano1030
24.12.2020

Досыма хат

Сәлем, Никита! Қалың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен өз туған жерім жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Ал сен өз туған жерің туралы не айтар едің?

Сенен хат күтемін, хабарласып тұр!

Сәлеммен, досың Арман.

4,6(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ